
− 10 (KZ) −
2 Теледидардың төменгі бөлігінің
жылжып кетуін болдырмау.
Белдікті алып, оны қабырғаға мықтап
бекітіңіз.
Диаметрі 5 мм болатын немесе ұқсас
бұранданы пайдаланыңыз (берілмеген).
Ескерту
Теледидардың алға қарай жылжымайтынын тексеру
үшін теледидардың төменгі бөлігін өзіңізге қарай
ақырын тартып көріңіз. Жылжитын болса, дұрыс
бекітілмеген болғаны және белдікті қайта
бекітіңіз.
Орнатудың аяқталғандығын
тексеру
Келесілерді тексеріңіз.
Тегершіктер негізге бекем ілінді.
Сым мен кабель оралмаған немесе
қысылмаған.
Белдік мықтап бекітілген.
ЕСКЕРТУ
Айнымалы ток сымының немесе т.б. қате орналасуы
қысқа тұйықталу салдарынан өрттің пайда болуына
немесе ток соғу қаупіне әкелуі мүмкін. Орнату
жұмыстарының қауіпсіздік талаптарына сай
орындалғанына көз жеткізіңіз.
Басқа ақпарат
Теледидар қабырғаға толық орнатылып
болғанда, аяқ бөлшектері мен бұрандаларды
алып тастауға болады.
Аяқ
бөлшегі
Бұранда
Ескерту
Алынып тасталған аяқ бөлшектері мен
бұрандаларды балалардың қолы жетпейтін қауіпсіз
жерде сақтаңыз.
Үстел тұғырын пайдаланған кезде, аяқ бөлшектері
мен бұрандаларды бастапқы орнына бекітіңіз.
Электр бұрауышты пайдалансаңыз, айналдыру
моментін шамамен 0,4 Н·м {4 кгк·см} мәніне
орнатыңыз.
Comentários a estes Manuais